Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Беларусь Президентін сайлау: 2 күнде сайлаушылардың 12,75 пайызы таңдау жасады

2020 жылдың 6 тамыз 2020 13:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Беларусь Президентін сайлауда мерзімінен бұрын дауыс берудің 2 күні ішінде сайлаушылардың 12,75 пайызы өз таңдауын жасады. Мұндай ақпарат аталған елдің Орталық сайлау комиссиясы сайтында орналастырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Беларусь Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Бресть облысында өңір бойынша тізімге қосылған сайлаушылардың 11,26 пайызы дауыс берген. Бұл көрсеткіш Витебск облысында - 12,16, Гомель облысында - 16,44 Гродненск облысында - 10,01, Минск облысында 12,61, Могилевск облысында 14,61 және Минск қаласында 11,73 пайыз болды.

Тізімге қосылған сайлаушылардың жалпы саны 6 836 585 адамды құрайды.

Айта кетерлігі, осы жылы президенттік сайлау науқанына Беларусь азаматтарының айтарлықтай қызығушылық танытқаны байқалады. Осыған орай сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші бұған дейін сайлау науқандарына қарағанда біршама жоғары болады деп күтілуде. Мұндай ақпаратты Қазақстандағы Беларусь Елшілігі таратып отыр.

Дегенмен, коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл шараларына байланысты сайлау учаскелері сайлаушыларды қабылдау мүмкіндігін қысқартқан болатын. Сондықтан мерзімінен бұрын дауыс беру 4 тамызда басталып, 8 тамыз күні аяқталатын болады.

Ал Қазақстанда жүрген Беларусь азаматтары 4-8 тамыз күндері сағат 10-00-ден 14-00-ге дейін және 16-00-ден 19-00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы Қошқарбаев даңғылы 9 мекен жайына келіп дауыс бере алады.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Беларусь, Сайлау,
Жоғары қарай