Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бельгиядағы зерттеу: Вакцинациядан кейін тұрғындардың тек 0,32% ғана COVID-19 жұқтырған

2021 жылдың 11 маусым 2021 20:00

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Вакцинациядан кейін инфекция жұқтырушылар саны азайды, симптомсыз түрі де жиі кездесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі бельгиялық Sciensano ғылыми институтының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Covid-19-ға қарсы вакциналау кампаниясы басталғалы бері Бельгияның Sciensano орталығы толық иммундалған адамдарда коронавирус инфекциясының пайда болуын мұқият қадағалап келеді.

«Толық иммундалған 1,421,067 адамның тек 0,32%-ы (4,526) COVID-19 жұқтырған. Алайда, бұл жағдайлардың үштен екісінен астамында ешқандай белгілер болмаған. Бұл нәтижелер – COVID-19-ға қарсы вакциналар тиімділігінің маңызды көрсеткіші»,- дейді бельгиялық ғалымдар.

COVID - 19 вакциналары тиімділігі өте жоғары екенін дәлелдеді, бірақ ешқандай вакцина 100% қорғауды қамтамасыз ете алмайды.

Биылғы жылдың 31 мамырында Бельгияның 2 миллионнан астам тұрғыны толық вакцинация курсынан өтті, оның 1,421,067-сін толық иммундалған деп санауға болады.

Сонымен қатар 2021 жылдың мамыр айының екінші жартысында екпе салдырған 27,979 адамның тек 652-сінен COVID-19 инфекциясы анықталған.

Бұл мәліметтер толық иммундалған адамдардың COVID-19 инфекциясына шалдығу ықтималдығы аз екенін айқын көрсетеді, деп хабарлайды Sciensano.

Сонымен қатар, вакциналанған адамдар арасында коронавирус жұқтырғандардың шамамен 68%-ында COVID-19 белгілері болмаған.

Автор: Арнұр Рахымбеков


Басты сөздер: Вакцина, Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай