Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бельгияда мектеп құлап, алты адам қаза тапты

2021 жылдың 21 маусым 2021 13:34

АНТВЕРПЕН. ҚазАқпарат – Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы ҚазАқпарат The Brussels Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Опат болған құрылысшылардың көпшілігі шетелдіктер – Португалияның үш азаматы, бір Румыния азаматы және бір Ресей азаматы. Қайғылы оқиға орнына осы елдердің елшілері барды. Прокуратура органдары тергеуге қосылды.

Антверпен инженерлік департаментінің мамандары жаңа ғимараттың құлауына не себеп болғанын анықтауда. Қазіргі уақытта мектеп құрылысын бітіру мүмкін болатынына күмән бар, қала басшылығы құрылысы аяқталуға жақын барлық ғимаратты бұзуға тура келетінін жоққа шығармайды.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай