Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бекзат Нұрдәулетов Қазақстан чемпионатында топ жарды

2020 жылдың 29 қараша 2020 15:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында бокстан Қазақстан чемпионатында тартысты жекпе-жектің бірі 81 кг салмақта маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулет пен елордалық Нұрбек Оралбайдың арасында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Б. Нұрдәулет 2019 жылғы әлем чемпионы болса, 20 жастағы қарсыласы да осал емес.

Н.Оралбай жастар арасындағы әлем біріншілігінде топ жарған еді.

Бұл бәсекеде бес төреші түгелдей жеңісті Бекзатқа берді.

Б.Нұрдәулет жекпе-жектен кейінгі сұхбатында елімізде жас боксшылардың қаулап өсіп келе жатқанын жеткізді.

57 кг салмақта тартысты жекпе-жекте павлодарлық Серік Теміржанов ақмолалық Оразбек Асылқұловты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

60 кг салмақта финалда маңғыстаулық Саматәлі Төлтаев пен шығысқазақстандық Бекнұр Ожанов жұдырықтасты. Мұнда С.Төлтаевтың мерейі үстем болды.

Ерлер арасында финалдық жекпе-жектер одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Назым Қызайбайдың Токио олимпиадасының жолдамасын жеңіп алғысы келетінін, әйелдер арасында барлық чемпиондар анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ 18 жастағы боксшы Азия чемпионын ұтып кетті.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай