Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бекболат Рахат ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

2019 жылдың 26 қазан 2019 16:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пхеньянда өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

96 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бекболат Рахат 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионы атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 352 келіні (156+196) бағындырды.

Сондай-ақ, 15 жастағы қызылордалық атлет серпе көтеруден жаңа әлем рекордын орнатты. Одан бөлек, Бекболат 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында күміс жүлдегер атанды.

Биылғы маусым Бекболат үшін сәтті өтуде. Ол Лас-Вегаста өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын, сонымен қатар, құрлық біріншілігін жеңіспен аяқтап отыр. Осы салмақта бақ сынаған Артем Антропов қола жүлдегер атанды.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай