Серік Ақсұңқарұлы, ақын: Ереуілшілер мен содырларды шатастырып алмау керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің барлық дерлік өңірлеріндегі, әсіресе Алматыдағы жағдай жағаны ұстатты. Қазір жағдай тұрақталған секілді. Дегенмен, осы оқиғаларға қатысты іс-шаралар барысында шұғыл әрекет еткенде ереуілшілер мен басбұзар содырларды шатастырып алмау керек. Танымал ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәдірбек Сегізбай, жазушы: Отан өзімізге керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Соңғы күндерде елімізде адам қиялына да кірмеген оқиғалар орын алуда. Белгілі бола бастағанындай, шетелдерде арнайы дайындықтан өткен содырлар қару-жарақпен елімізге кіріп алып, көптеген өңірлерде бір мезгілде кәдімгідей майдан ұйымдастырды.

Есенқұл Сафуани - Тәуелсіздік туралы Заңға ілеспе аударма жасаған тұлға
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Заң шығару институтының жетекші ғылыми қызметкері, белгілі журналист Есенқұл Сафуани 75 жасқа толды. Танымал публицист Сәулебек Жәмкеновтің «Үш қиян» баспасынан шыққан «Жеті бел асқан жетеу» атты кітабында Е. Сафуани жайлы қызғылықты деректер бар. Өнегелі өмірі кітапқа арқау болған тұлға туралы сыр шертуді жөн санадық.

Өзбекстан Президентінің инаугурациясы күні белгілі болды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – 6 қараша күні сағат 11:00-де Ташкентте Олий Мажлисі ғимаратының жаңадан салынған үлкен мәжіліс залында Олий Мажлистің Заң шығару палатасы мен Сенатының жаңа сайланған Президентті ұлықтауға арналған бірлескен отырысы өтеді.
Қазақ әншісі «Өзбекстан халық әртісі» атағын алды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кеше Өзбекстан Республикасы Президентінің бір топ өнер, мәдениет, спорт және қоғам қайраткерлерін мемлекеттік атақтармен марапаттау туралы Жарлығы шықты. Солардың арасында этникалық қазақ, әйгілі опера әншісі Жеңісбек Пиязов «Өзбекстан халық әртісі» атағын алды. Осыған орай, ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстандағы опера әншісі және оның өнер жолына келуіне тікелей әсер еткен Пиязовтар әулетінің танымал тұлғалары туралы оқырмандарға мағлұмат ұсынады.

24 қазанда Өзбекстан Президентінің сайлауы өтеді
ТАШКЕНТ. ӨзА - ҚазАқпарат -Бүгін, 23 шілдеде Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Ол үлкен саяси процестің бастамасы болды. Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап.

Орта Азия мен Қазақстанның абсолют чемпионы болған Әбиболла балуанды білесіз бе
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен ғасырдың 50-60-жылдарында «Орта Азия және Қазақстан халықтарының спартакиадасы» атты айтулы спорт жарысы болған. Алғаш рет Ашхабад қаласында өткен сол спартакиадада күрестен абсолют чемпион атағына қол жеткізген Әбиболла Садықов атты қарақалпақстандық қандасымыз жайлы ҚазАқпарат тілшісінің зерттеуін назарларыңызға ұсынамыз.

Көрші елдегі қазақ баспасөзі:Ташкентте республикалық қазақ газеті қалай ашылған еді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұдан 30 жыл бұрын Ташкент қаласында «Достық туы» атты газет ашылып, Өзбекстандағы қазақ журналистикасының жаңа дәуіріне жол ашқан болатын. Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аталмыш газеттің бас редакторы Ақан Ташметовпен әңгімелескен еді. Сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Маршал Рокоссовский дивизиясында батальон командирі болған қазақты білесіз бе
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осыдан дәл 80 жыл бұрын, 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия Совет Одағына басып кірді. Дәл осы күні Ұлыбританияның Премьер-Министрі Уинстон Черчилль фашистік Германияға қарсы соғыста Совет Одағына қолдау көрсететінін мәлімдеді. 1945 жылға дейін жалғасқан Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан 1,2 млн-нан астам адам аттанды. Айта кетерлігі, Екінші дүниежүзілік соғыста ерекше қабілетімен көзге түскен әскери қолбасшылардың бірі - Константин Константинович Рокоссовский болатын. Ол - екі елдің (1944 жылы Совет Одағының, 1949 жылы Польшаның) маршалы атағын алған жалғыз тұлға. Ал осы әйгілі Рокоссовский дивизиясында Жұмамұрат Ерекешов деген қазақ батальон командирі болғанын көпшілік біле бермейді. ҚазАқпарат тілшісі оқырманның назарын осы мәселеге аудартып, азырақ зерттеуін ұсынады.

Тимур Пулатов: Әдебиет шынайы оқырмандар ортасына оралады
НҰР-СҰЛТАН . ҚазАқпарат - Тимур Пулатов - ( 1939 жылы Өзбекстанның Бұқара қаласында туған) белгілі өзбек және орыс жазушысы, сценарист. Өзбекстан мемлекеттік сыйлығының, Важа Пшавела(Грузия), Саят Нова (Армения) және Халықаралық Михаил Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты. Өзбекстан мен Тәжікстанның халық жазушысы. 1991 жылы КСРО Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болып сайланды. 1992 жылы КСРО Жазушылар одағы Ресей мен ТМД Халықаралық жазушылар одақтары қауымдастығы (ХЖОҚ) болып қайта құрылғаннан кейін Тимур Пулатов осы ірі жазушылар ұйымын басқарды. 2000 жылы Тимур Пулатов ХЖОҚ төрағасы қызметінен кетті. Ол шығармашылық одақтың басшысы болған кезде, өзі жылдар бойы армандаған әдеби шығармашылыққа қайта оралды. Қазіргі уақытта бүгінгі заман туралы үлкен романның жазу үстінде. Ол «Тарази тасбақасы», «Бұхара үйінің құмарлығы», «Қалқымалы Еуразия» романдары арқылы әлемге танылды. Тимур Пулатовтың шығармалары 50-ге жуық тілге аударылған. 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жазушы Мәскеу қаласында тұрады. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әйгілі жазушымен сұхбаттасқан еді.

Хорезм Республикасындағы қазақтар һәм жойылған Республика
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта Азияда совет үкіметі орнаған соң, жергілікті халықтар байырғы жерін сақтай отырып, өз автономиясын немесе республикасын құруға ұмтылғаны тарихтан белгілі. Бұл ұмтылыс сәтті басталғанмен, жақсы аяқтала қойған жоқ. Түркістан автономиясы (Қоқан мұқтарияты 1917 жыл, 28 қараша – 1918 жыл, 22 ақпан), Алаш автономиясы (1917 жыл, 5-13 желтоқсан – 1920 жыл, 5 наурыз), Түркістан АССР (1918 жыл, 30 сәуір – 1924 жыл, 27 қазан) БХСР (Бұхара Халық Советтік Республикасы, 1920 жыл, 8 қазан – 1924 жыл, 27 қазан) және ХХСР(Хорезм Халық Советтік Республикасы, 1920 жыл, 26 сәуір – 1923 жыл, 30 қазан, Хорезм Советтік Социалистік Республикасы, 1923 жыл, 30 қазан – 1924 жыл, 27 қазан) сияқты ұлттық елдерді қызылдар бөлшектеп тастады, кейіннен жойып жіберді. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аз ғана жыл тәуелсіз өмір сүріп, тарих қойнауына кеткен Хорезм Халық Советтік Республикасы және оның қазақтарға қатысы жайлы архив деректеріне сүйене сөз қозғайды.

Әлемде алғаш рет Жоғарғы Сотты басқарған қазақ қызын білесіз бе
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1964 жылы 5 сәуірдегі «Известия» газетінің санында дүние жүзінде тұңғыш рет Жоғарғы сотты басқарған әйел жайлы мақала шыққан. Онда «Өзбекстан ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы председателі Я. Насриддинова, Мәдениет және Әлеуметтік қамсыздандыру министрлері З. Рахымбабаева және В. Садықовалармен бір қатарда Өзбекстан ССР Жоғарғы соты төрайымы Х. Сүлейменова да шын мәнінде республика мақтанышы саналады» деген жолдар бар. Хош, сонымен, Х. Сүлейменова кім еді? ҚазАқпарат тілшісі осы мәселені қаузап, көрші елде туып, әлемдік деңгейдегі қайраткер, білікті ғалымға айналған аяулы тұлғаның өмір жолы жайлы сөз қозғауды жөн санайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай