Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты теңге депозиттері халық үшін тиімді болады - сарапшы

2020 жылдың 11 наурыз 2020 19:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов базалық мөлшерлеменің 12%-ға дейін өсуіне және одан кейінгі депозиттер бойынша мөлшерлемелердің өсуіне түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның пікірінше, Ұлттық банктің әрекеті теріс сыртқы факторларды ескергенде дұрыс болды.

«Бұл – өте қажет. Базалық ставканың артуы қандай да бір алыпсатарлықты тежеу үшін реактивті шара болды. Ұлттық банк курсты ұстап тұру құралдары бар екенін көрсетіп жатыр. Оған қоса, базалық мөлшерлеме - бұл тек несие ғана емес, базалық мөлшерлеме депозиттерге қатысты. Банктердің реакциясын көрудің өзі қуанышты. Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесін қайта қарағаннан кейін, үш банк ең жоғарғы мәнге дейін теңгедегі депозиттер мөлшерлемесін тез арада көтерді», - деп хабарлады ол.

Сарапшының пікірінше, депозиттер бойынша мөлшерлемені клиенттер үшін барынша тиімді жағдай жасау үшін екінші деңгейдегі басқа банктер де біртіндеп арттыра алады.

«Мөлшерлемені арттыру теңгедегі депозиттер саны мен табысын сақтап қалады. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлеме әлдеқайда төмен», - деді сарапшы.

Бүгін Еуразия банкі және Хоум Кредит банкі мерзімді емес депозиттер («Turbo Deposit» және «Жай депозит») бойынша мөлшерлемені 9,8%-дан 12,5%-ға дейін көтерді. ЦентрКредит банкі «Чемпион» мерзімді емес депозиті бойынша мөлшерлемені 9,8%-дан 12,5%-ға дейін және «Рахмет» жинақ депозиті бойынша 3 айға 12,5%-дан 13%- ға дейін жоғарылатты.

10 наурызда Ұлттық банк сыртқы сектор тарапынан тәуекелдердің теріс әсері аясында бағалардың тұрақтылығын қолдау қажеттілігіне негізделген базалық мөлшерлеме деңгейі бойынша кезектен тыс шешім қабылдады. 2020 жылдың 10 наурызынан бастап базалық мөлшерлемені жылдық 12% деңгейінде белгіленді, пайыздық дәліз +/- 1,5 п. п. дейін кеңейтілді.



Басты сөздер: Экономика,
Жоғары қарай