Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Бәйтерек» холдингі мен Satbayev University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 16:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптардан қол қоюшылар холдинг басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов пен ЖОО ректоры Искандер Бейсембетов болды.

«Бәйтерек» холдингі ҚазҰТЗУ-мен 2018 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда, «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында «Нұрлы жер» ахуал орталығы мен жергілікті атқарушы органдардың порталы бірлесіп әзірленді.




- Біздің бірлескен шешімдеріміз «Бәйтерек» холдингіне «онлайн» режимінде заманауи техникалық бақылау құралдарын қолдана отырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тұрғын үйлердің құрылысын, қаржыландырылуын және сатылуын бақылауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті «Бәйтерек» холдингінің басшысы.

Ахуал орталығы базасында холдинг құрылыс материалдарының маркетплейсін құруды жоспарлап отыр. Бұл тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын төмендетуге және қазақстандық құрылыс материалдарын өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді.

Тараптар университеттің бірлескен технологиялық шешімдері мен ғылыми қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және қолдауға ниет білдірді.

Бұдан басқа, ынтымақтастық оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысуды, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, университет студенттері мен түлектерінің өндірістік практикасын өткізуді көздейді.




Айта кетейік, « Бәйтерек « ұ лттық басқарушы холдингі» - АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты.

Nazarbayev University - тау-кен және мұнай ісі саласындағы әзірлемелермен танымал, Қазақстандағы ең көне және беделді техникалық университеттердің бірі. 80 жылдан астам уақыт бойы бұл университет Қазақстандағы техникалық прогресс пен көшбасшылықтың синонимі болып табылады.

Satbayev University Сәтбаев университетінің визит карточкасында техникалық мамандықтар басым болса да, бұл архитектура мен менеджментті оқуға болатын көп салалы университет.



Басты сөздер: Қоғам, ЖОО-лар, Білім, Экономика,
Жоғары қарай