Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Байқаушы: Сайлау өткізудің негізгі талабының бірі – ашықтық пен әділдік

2020 жылдың 26 қараша 2020 19:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сайлау өткізудің негізгі талабының бірі – ашықтық пен әділдік. ҚР Кәсіподақтар федерациясы байқаушыларының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық штабының мүшесі, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Зейнегүл Базанова осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз сайлауға бақылаушы ретінде қатысамыз. Сайлауды өткізудің басты талабы – ашықтық пен әділдік. Сайлау қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ашық түрде өтуі керек. Сайлау тәуелсіз және еркін өтеді деп сенемін. Менің ойымша, егер депутаттар еңбек адамының құқығын қорғап, оларға қамқорлық жасаса - ел өркендейді «, - дейді ол.

ҚР КФ байқаушыларының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық штабының мүшесі, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ астаналық филиалының төрағасы Руслан Сатывалдеев қазіргі уақытта барлық дерлік медициналық ұйымдарда кәсіподақтар құрылғанын айтты.

«Алдын ала жүргізілген жұмыстар көрсеткендей, жұмыс берушілер сайлау комиссиясына қысым жасамайды. Бұл саясат жалғасатын болады. Қазіргі кезде біздің тарап бүкіл ел бойынша 100-ге жуық байқаушы қатысатын 248 сайлау учаскесін құрды. Бұл байқаушылар қабылданады деп ойлаймын», - дейді ол.


Жоғары қарай