Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бәйдібек ауданында коронавирустан сауыққан 86 жастағы қарт дәрігерлерге алғыс айтты

2020 жылдың 6 тамыз 2020 12:41

БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында пандемиямен күресті күшейту үшін орталық ауруханада 82 провизорлық орын мен 50 инфекциялық госпиталь дайындалған. Қазіргі таңда келіп түскен науқастардың 80 пайызы жазылып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Емдеу мекемесінде ем қабылдап сауығып шыққандардың бірі Кәрімжан Сайдов дәрігерлерге алғыс айтты. 86 жастағы қария ауруханаға 81 жастағы жұбайымен бірге түскен еді. Оларға COVID-19 және өкпенің екі жақты төменгі қабынуы диагнозы қойылып, дәрігерлердің қатаң бақылауында болған. Ерлі-зайыпты науқастарға тиісті емдік шаралар қолданып, 14 күндік емнен кейін ауруларынан айыққан. Қазіргі таңда зейнеткерлер үйлеріне шығарылған.

Айта кетейік, Бәйдібек ауданы орталық ауруханасына тек жергілікті тұрғындар ғана емес, көрші аудандардан келген науқастар да емделуде. Олардың ішінде Кентау, Ордабасы, Созақ, Түлкібас аудандарының тұрғындары бар.





Жоғары қарай