Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Байбек Елбасы шешімі жайлы: Биліктің сабақтастық саясатына толықтай берік екенін көрсетеді

2021 жылдың 23 қараша 2021 17:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Билеуші партияның Төрағасы лауазымын Қасым-Жомарт Кемелұлына тапсыру – бұл заңдылық, қазақстандық билік транзитіне толықтай сәйкес келетін шешім. «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш саяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы «Nur Otan» құрылғаннан бастап оның басы-қасында. Ұзақ уақыт партияның басқарушы және маңызды шешімдер қабылдаушы органы – Саяси Кеңес Бюросының мүшесі болып табылады.

2019 жылы Президент лауазымына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы осы «Nur Otan»-нан ұсынылды. Соңғы парламент сайлауында партия Мемлекет басшысы өзі жария еткен сайлауалды бағдарламамен айқын жеңіске жетті. Сол берілген уәделерді орындау – билеуші партияның қазіргі уақыттағы басты міндеті.

Елбасы атап өткендей, қазір «Nur Otan» қоғамды Президентіміздің Мемлекеттік бағдары төңірегіне топтастыруы қажет.

Бұл шешім ел ішіндегі және сыртындағы барлық тараптарға биліктің тұтастығын және оның сабақтастық саясатына толықтай берік екендігін көрсетеді. Қосарланған билік туралы айтылған барлық негізсіз пікірлер мен орынсыз ұйғарымдарды теріске шығаратын қадам.

Елбасының ел үшін және билеуші партия үшін осындай маңызды шешімді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында қабылдауы үлкен символдық мәнге ие деп білемін», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.


Басты сөздер: Тағайындау, Nur Otan партиясы,
Жоғары қарай