Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Баянауыл тау-шаңғы кешені 5 мың турист қабылдай алады

2019 жылдың 14 қараша 2019 17:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы Баянауыл тау-шаңғы кешені 5 мың турист қабылдай алады. Бұл туралы өңір әкімі Болат Бақауов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баянауылдағы спорттық туризмді дамыту үшін тау-шаңғы кешені жобасы қолға алынды. Мырзашоқы тауының етегіндегі 960 метрлік арқан жол осы қыста бес мыңға дейін турист қабылдай алады», - әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкім киелі орындар көп шоғырланған Баянауыл ауданында туризмді дамыту қажеттігін атап өтті.

«Жылдар бойы жергілікті тұрғындар мен тәу етушілер киелі орындарға – Мәшһүр Жүсіп кесенесіне жолдың жоқтығын айтып, шағымданатын. Биыл бюджет есебінен 90 шақырым жол толық жөндеуден өтті. Келесі жылы тағы бір туристік орын – Қоңыр әулие үңгіріне апаратын жол жөнделеді. Туристерге қолайлы болу үшін Баянауыл ауылына шағын авиация үшін ұшу-қону жолағы, тікұшақ алаңқайы бар аэродром салынды. Одан бөлек, Жасыбай көліне дейін электр беру желісі, су құбыры орнатылып жатыр», - деді Болат Бақауов.

Айта кетейік, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов елордада 2019 жылдың 10 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.

Жоғары қарай