Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Бавария» 20-рет футболдан Германия кубогының жеңімпазы атанды

2020 жылдың 5 шілде 2020 10:27

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Футболдан Германия кубогының финалында мюнхендік «Бавария» леверкузендік «Байерден» басым түсті. Кездесу 4: 2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Матч Берлинде Олимпиада стадионында коронавирус пандемиясына байланысты көрерменсіз өтті.

Гол соққан жеңімпаздар қатарында Давид Алаба (16-минут), Серж Гнабри (24) және Роберт Левандовский (59, 89) бар. Жеңілгендер жақтан Свен Бендер (63) мен Кай Хаверц (90, пенальтиден) гол соқты. Гнабри 2014 жылдан бастап пенальти сериясын есептемегенде турнирдің финалында гол соққан алғашқы неміс болды.

«Бавария» 20-шы рет ел кубогының иегері атанды, бұл – рекордты көрсеткіш. Клуб финалда төрт рет жеңіліп қалған болатын. «Байер» үшін бұл финал тарихтағы төртіншісі еді, клуб бір рет турнирде жеңіске жеткен.

«Бавария» осы маусымда екінші титулды жеңіп алды, бұған дейін мюнхендік команда 30-рет ел чемпионы атанған болатын. «Байер» ұлттық біріншілікте бесінші орын алды.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай