Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» клубының сапында алғашқы гол салды

2020 жылдың 10 наурыз 2020 20:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» клубының сапында алғашқы гол салды, деп хабарлайлы ҚазАқпарат.

Біріккен Араб әмірліктерінің кубогында «Әл-Айн» клубы «Ал-Шарджа» командасымен кездесті.


Клубтың жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан алыстан қақпаны дәл көздеді. Видео спорт телеарнасының Twitter-дегі парақшасында жарияланды.


Еске сала кетсек, қаңтар айының соңында футболдан Қазақстан ұлтық құрамасының бұрынғы капитаны Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» клубына ауысқан болатын.





Автор Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай