Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бауыржан Байбек: Nur Otan-ның міндеті – ауылдардың дамуына жүйелі жағдай жасау

2021 жылдың 14 шілде 2021 16:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында ауыл әкімдерінің тікелей сайлауына билеуші партиядан қатысатын кандидаттардың даярлығы туралы айтып, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың аралық нәтижелерімен бөлісті.

Оның айтуынша, кеше барлық аймақта «Nur Otan»-нан 587 кандидат тіркелген. Үміткерлердің 35%-тен астамы – жаңа тұлғалар, оның ішінде білім беру саласының өкілдері, кәсіпкерлер, фермерлер және т.б. бар. Олардың көпшілігі – таяуда өткен партияішілік праймериздің қатысушылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары. Кандидаттардың орташа жасы – 46 жас. Әйелдер – 11%, 35 жасқа дейінгі жастар – 14%.

«Өздеріңізге мәлім, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша 25 шілдеде тұңғыш рет аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, «алдағы сайлау – саяси жүйеміздің кемеліне келгенінің белгісі ғана емес, сонымен бірге қоғамымыздың демократиялық даму жолына нық қадам басқанын білдіреді». «Nur Otan»-ның міндеті – тек сайлауда жеңіске жету ғана емес, ауылдардың дамуына жүйелі жағдай жасау, азаматтардың нақты мәселелерін шешу. Партия өз кандидаттарын ұсына отырып, бірінші буын әкімдердің ел Президенті ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен өзара әрекеттестігінің жаңа мәдениетін қалыптастыра отырып, заманауи тәсілдерді ендіруде», - деді Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек өз жазбасында «Nur Otan» парламенттік сайлаулардан кейін бірден сайлауалды уәделерін іске асыруға белсенді түрде кіріскеніне ерекше тоқталды. Сайлаудан кейінгі міндеттерге орай бүкіл қажетті партиялық инфрақұрылым жаңаша қайта құрылымданғаны айтылады.


Жоғары қарай