Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Батыста - аптап ыстық, солтүстікте - жел: 11 шілдеге арналған ауа райы

2020 жылдың 11 шілде 2020 04:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 11 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сенбіде ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, тек оңтүстік батыста және солтүстік батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл тұруы, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан, Алматы, Павлодар, күндіз Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында жел тұрып, шаңды дауылға ұласады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Түркістан облысының батысында аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Алматы облыстарының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай