Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанға 62 мыңнан астам доза ресейлік вакцина жеткізілді

2021 жылдың 18 маусым 2021 13:52

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысына 16 маусым күні 62540 доза ресейлік «Спутник V» вакцинасының ІІ компоненті жеткізілді.

Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, вакцина өңірдегі барлық медицина ұйымдарына бөлініп берілген.

Қазіргі таңда медицина қызметкерлері тұрғындарды егілуге шақырып, вакцинациялау жұмыстарын жалғастыруда.

Арман Талғатұлының сөзіне қарағанда, науқан басталғаннан бері облысқа барлығы 269100 доза (148050-і – бірінші, 121050-і – екінші компонент) келіп түсті. Соның ішінде 136560-ы (105550-і – І, 93550-і – ІІ компонент) – Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасы.

Сондай-ақ 4 мың доза (2 мыңы – І, 2 мыңы – ІІ компонент) отандық «QAZVAС» вакцинасы, 50 мың доза (32500-і – І, 17500-і – ІІ компонент) Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген «Hayat - Vax» және 16 мың доза (8 мыңы – І, 8 мыңы – ІІ компонент) қытайлық «CoronaVac» вакцинасы жеткізілген болатын.

Облыс бойынша 80867 адам вакцинаның бірінші, 44543-і екінші компонентімен егілді.

«Халықты COVID-19 індетінен қорғаудың жалғыз әрі тиімді жолы вакцинациялау болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың 60 пайыздан кем емес бөлігі вакцинациялануы тиіс. Вакцина белгілі бір ауруға қатысты арнайы иммунитеттің қалыптасуына ықпал етеді. Екпе алған адам ауырмайды, сырқаттанған күннің өзінде ауру жеңіл өтеді. Сондықтан тұрғындардың вакцина алуда белсенділік танытқаны жөн», деді А.Қалибеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан төрт күнде 250-ден астам адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай