Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 618 адам коронавирустан көз жұмды

2021 жылдың 12 қазан 2021 19:21

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 618 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соңғы айларда қайтқандардың күрт өскені байқалады.

Атап айтқанда, қаңтарда – 28, ақпанда – 15, наурызда – 30, сәуірде – 41, мамырда – 57, маусымда 60 адам қайтыс болса, шілдеде – 144, тамызда – 139, қыркүйекте 90-ға жетті.

Қазан айының алғашқы он бір күнінде 14 науқас өмірден өтті.

Жалпы, пандемия басталғаннан бері 785 адам індет құрбанына айналды.

Басқарма мәліметіне қарағанда, соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 8,8 пайызға азайды.

Соңғы тәулікте 18 адамның ауырғаны анықталса, 19-ы сауығып шықты.

Індет басталғаннан бері облыста барлығы 38 058 науқас тіркелсе, соның 28 837-сі биылғы жылдың үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы төрт күнде 230 адамнан коронавирус анықталғанын, сондай-ақ індет жұқтырған 100-ге жуық баланың емделіп жатырғанын жазған болатынбыз.





Жоғары қарай