Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 08:57

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 18 қыркүйек күні Бәйтерек ауданы аумағында болды.

Сағат 09.00-де Орал-Кирсанов жолы бойында Трекин ауылы тұсында 1991 жылғы ер адам айдап келе жатқан «Опель» мен «Лада Приора» автокөлігі (1994 жылғы жүргізуші) қақтығысқан.

Соның салдарынан екі жүргізуші де ауруханаға жатқызылды.

Кейін «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында бірнеше сараптама тағайындалды. Оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлерінің жол апатына ұшыраған үш әйелге қолұшын бергенін жазған болатынбыз.



Жоғары қарай