Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Батыс Қазақстанда жиырма күнге жететін жанар-жағармай қоры бар

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 20:56

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жиырма күнге жететін жанар-жағармай қоры бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімдігі мәлім еткеніндей, қазіргі кезде газ бен жанар-жағармай материалдарына қатысты ішкі нарықтағы жағдай тұрақты деп бағаланып отыр.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің биылғы 5 қаңтардағы бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысында сұйытылған газ бағасы 1 литріне 60, Орал қаласынан 200 шақырымнан асатын алыс аудандарда 65 теңгеден бекітілді.

Сондай-ақ электронды сауда алаңдары арқылы ҚҚС-дан көтерме сауда бағасы тоннасына 45 455 теңгеден белгіленді.

Сұйытылған газды өткізумен өңірде «Алау», «Тәуекел» және «BKKS LPG» ЖШС айналысады.

Облыста барлығы 131 жанар-жағармай құю стансасы болса, соның 53-і Орал қаласында, 78-і аудандарда орналасқан.

Батыс Қазақстан нарығында «Petro Retail», «Neftek Operating», «Меркурий Retail», «Москвичи» және басқа ЖШС-лар ірі операторлар болып табылады.

Облыста АИ-92 бензинінің бағасы әр литріне 174 теңге, АИ-95 – 210 теңге, дизельді отын маусым кезінде – 268, қыста – 340 теңге.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ХҚО-лар жұмысы жанданғанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай