Ауа райы
Астана 32 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Батыс Қазақстанда жеңіл автокөлік өртенді

2020 жылдың 4 сәуір 2020 01:02

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жеңіл автокөлік қртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға 3 сәуір күні Қазталов ауданында болды.


Сағат 12.11-де аудан орталығы Қазталов ауылына кіреберісте «Audi А6» автокөлігі отқа оранды.

Зардап шеккендер жоқ.

«Тілсіз жау» өрт сөндірушілердің күшімен (4 адам, 1 техника) сағат 12.37-де ауыздықталды.

Жыл басынан бері автокөлікте 25 өрт тіркелді.

«Автокөлік қауіпсіздігі үшін өрт сөндіру құралының болғаны маңызды. Өрт автокөлік иесіне ғана емес, қоршаған ортаға да залал келтіруі ықтимал. Өрт көбінесе автокөліктегі электр сымдарының немесе отын жүйесінің дұрыс жұмыс жасамауы салдарынан шығады. Сондықтан қауіпсіздік талаптарын естен шығаруға болмайды», деді ҚазАқпарат тілшісіне Е.Төрегелдиев.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, автокөлік жанып кетердің алдында газ құятын стансадан багын толтырып шыққан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да төтенше жағдай талабын бұзған ақтөбелік жүргізушінің қамауға алынғанын, Оралда 9 қабатты үйдің төбесінде арба сүйреген адамның серуендегенін және өңірде шектеу шаралары енгізілгеннен бері 88 адамның жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.






Жоғары қарай