Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Батыс Қазақстанда үш орманды шарпыған өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

2020 жылдың 15 шілде 2020 19:03

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданында орман өрті қалай сөндіріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылдың 13 шілдесінде сағат 23:50-де БҚО Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округінде Коловертное кентінен 10 шақырым қашықтықта, «Бударин орман шаруашылығы» ҚММ аумағында 16 гектар аумақта орман өртенген. Өртті сөндіруге ТЖД, Апат медицинасы орталығы, Бударин орман шаруашылығы, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 93 адам, 11 техника тартылды. Сондай-ақ, Атырау қаласынан шақырылған ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-884 тікұшағы 14-15 шілде күндері 39 рет 195 тонна су шашты. Төтенше жағдай болған аймақты әуеден бақылап жатыр. Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру шаралары қолданылуда. Өрт болған аймақ қоршауға алынды», - деп хабарлады комитеттен.

ТЖД мен орман шаруашылығы күштері оқшауланып қалған өрт ошақтарын сөндіріп жатыр. Осы шаралардың арқасында 14 шілде 19:02-де өрт сөндірілді.

Өртті сөндіруге құрғақ ыстық күн райы мен ауа температурасының +41ºС-қа жетуі кедергі келтірген. Өрттің шығу себебі - орманға жай түскен.

ТЖД кризис орталығында өрт сөндіру және оның салдарын жою жедел штабы тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауға алынған.

«Сондай-ақ, БҚО Ақжайық ауданы «Чапаев орман шаруашылығы» ҚММ және «Есенсай орман шаруашылығы» ҚММ аумағында орман мен құрғақ шөп өртеніп, оны сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Өрт ауыздықталды. Оған ТЖД, орман шаруашылығы, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының күші мен құралдары жұмылдырылды», - деді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, біз кеше Батыс Қазақстан облысында орманнан шыққан өрт ауылға кіріп, 40-тан астам адам эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай