Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда ірі азық-түлік дүкені жанып кетті

2020 жылдың 7 тамыз 2020 10:24

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ірі азық-түлік дүкені жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенша жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 6 тамыз күні кешкісін Жәнібек ауылында болды.




Сағат 21.18-де «Удача» дүкенінің төбесі жанып жатқаны жөнінде хабар түсті.

Өрт аумағы 130 шаршы метрді қамтыды.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға №21 өрт сөндіру бекеті (9 техника, 2 техника) және ерікті өрт сөндіру құрылымы (18 адам, 3 техника) жұмылдырылды. Сондай-ақ жедел құтқару жасағы (2 адам, 1 техника), өрт зерттеу зертханасы (2 адам, 1 техника) мамандары да қатысты.

Өрт бүгін сағат 00.55-те сөндірілді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да күшті жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын жұлып әкеткенін жазған болатынбыз.





Жоғары қарай