Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды

2021 жылдың 22 ақпан 2021 22:10

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Орал-Атырау жолында Ақжайық ауданы Ақбұлақ және Ақсуат ауылдарының орта тұсында болды.

Оқиға орнына трассалық-медициналық құтқару бекеті және Ілбішін дәрігерлік амбулаториясының бригадасы барды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, бес адам зардап шекті. Бір адам көз жұмса, екіншісінің жағдайы ауыр.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.

Белгілі болғаны, көліктердің бірі «DAF» маркілі жүк көлігі болса, екіншісі «Тойота Альфард».

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан алты адамның қаза тапқанын, жеңіл және жүк көлігінің түйісуі салдарынан жүргізушінің ауруханаға түскенін, сондай-ақ боранға байланысты республикалық жолдың жабылғанын жазған болатынбыз.





Жоғары қарай