Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда дизельді отын тапшылығына түсінік берілді

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 19:29

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында дизельді отын тапшылығына байланысты түсінік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүркіт» жанар-жағар май стансасының құрылтайшысы Николай Фроловтың айтуынша, қазіргі кезде дизельді отын тек міндеттемелер бойынша қала кәсіпорындарына тек талон арқылы ғана босатылуда.

Стансада небәрі 300 тоннадай дизельді отын қалды.

Толық қуатында жұмыс жасап тұрған кезде тәулігіне 12-14 тонна дизельді отын босатылады.

Күні бүгін барлық жанар-жағар май стансаларында бөлшек саудада бір айдай уақыттан бері дизельді отын жоқ.

Оның сөзіне қарағанда, мұның себебі Атырау мұнай өңдеу зауытынан төрт ай бойы дизельді отын түскен жоқ.

«Дегенмен бұл мәселені шешу мақсатында қадамдар жасалуда. Таяу уақытта Ресейден дизельді отын келеді деп күтіп отырмыз», деді Н.Фролов.




Оның пікірінше, дизельді отын тапшылығын болдырмау үшін біздің жер қойнауын пайдаланушыларға республика қажеттілігі үшін босату көлемін 10 пайыздан 20-ға көтеру керек. Әуелі өз қажеттілігімізді өтеп болғаннан кейін өзге елдерге жіберсе, жақсы болар еді.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі тарапынан дизельді отынға байланысты қалыптасқан жағдайды реттеу үшін Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына мониторинг жасалып отырса, дұрыс болар еді.

БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы дизельді отын жеткізумен облыста 7 компанияның айналысатынын жеткізді. Олардың бірқатары ресейлік мұнай өңдеу зауыттарымен дизельді отын жеткізуге келісім жасасты. Жуырда өнім келе бастамақ.


Жоғары қарай