Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмекті қымбатқа сату деректері анықталды

2020 жылдың 9 шілде 2020 21:47

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмекті көтеріңкі бағамен сату деректері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, заң бұзушылық дәріхана қызметкерлері мен жекелеген тұрғындар тарапынан кездесіп отыр.

Атап айтқанда, екі жергілікті тұрғын «Цефтриаксон» мен «Новокаинды» көтеріңкі бағамен заңсыз сатқан. Барлығы 380 ампула «Цефтриаксон» мен 380 ампула «Новокаин» тәркіленді. Сондай-ақ Орал қаласының тұрғыны «Цефтриаксонды» интернеттегі хабарландыру арқылы заңсыз өткізген.




Рейд жүргізілгеннен бергі төрт күннің ішінде дәрі-дәрмекті заңсыз (лицензиясыз) өткізудің 5 дерегі белгілі болды. Сол секілді 4 дәріхана медицина құралдарын көтеріңкі бағамен сатқан.

Барлығы 425 орама дәрі-дәрмек (7 түрі), 2 400 дана медициналық маска тәркіленді.

Анықталған деректер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Заңсыз дәрі-дәрмек сату оқиғасының куәсі болғандар 102 және 112 телефондары арқылы полицияға хабарлай алады. Рейд шаралары одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, БҚО-да 940 адам коронавирустан емделіп жатыр.


Жоғары қарай