Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жол жабылды

2021 жылдың 2 наурыз 2021 15:23

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша жергілікті сағат 13.00-ден бастап ауа райының нашарлауына орай республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (31-104 км, Переметный ауылынан Ресей шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Жабылу себебі – қатты боран.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланып, төтенше оқиғалардың алдын алу бағытында тиісті шаралар алынып жатқандығын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай