Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жол жабылды

2021 жылдың 22 ақпан 2021 21:55

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, жергілікті сағат 20.00-ден бастап боранға байланысты республикалық маңызы бар Атырау-Орал (372-189 км, Чапаевтан Атырау облысының шекарасына дейін) күре жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Осыған орай БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі ескерту жарияланғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан алты адамның қаза тапқанын, жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.
Жоғары қарай