Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда бір аптада 1200-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

2021 жылдың 27 сәуір 2021 20:35

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бір аптада 1197 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, осы кезге дейін өңірде 18704 адам індет жұқтырса, соның 14675-і жазылып шықты.

273 адам көз жұмды.

Пневмонияға шалдыққан 460 адам стационарда емделуде.

Қазіргі таңда инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 2, инвазивті емес осындай құрылғыға 14, оттегі концентраторына 16, орталықтандырылған оттегі көзіне 138 адам қосылған.

Облыстағы 1115 төсектік 11 инфекциялық стационарда 589 адам емделуде. Соның ішінде 42-сі жансақтау бөлімінде жатыр.

Карантиндік стационарда 17 адам дәрігерлердің бақылауында.

Басқарма мәліметіне қарағанда, өткен жылғы қыркүйек айынан бері 907 бала коронавирус жұқтырса, соның 702-сі биылғы жылдың үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 39 адамның жансақтау бөлімінде жатқанын, 1 мамырдан бастап өңірде карантин күшейтіліп, блокпостар қойылатынын, сондай-ақ 29 мыңға жуық адамның екпе салдырғанын жазған болатынбыз.






Жоғары қарай