Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда «Ашық» жобасына қатысатын нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді

2021 жылдың 11 тамыз 2021 19:42

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын енгізуге қатысты БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 11 тамыздағы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қаулы қол қол қойылғаннан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін сенбі және жексенбі күндері барлық нысандардың қызметі тоқтатылған болатын. Енді «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың қызмет мерзімі ұзартылды, олар демалыс күндері де жұмыс істей алады.

Мысалы, базарлар осыған дейін сағат 17.00-ге дейін ашық болса, бұдан былай «Ashyq» жобасымен өз кестесіне сәйкес жұмыс істей алады. Сол секілді сауда үйлері «Ashyq» жобасымен сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейді. «Ashyq» жобасына қатысатын монша, сауналар да өз кестесіне сәйкес жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ қоғамдық көліктер санитарлық талаптарды сақтай отырып, демалыс күндері де жүретін болды.

Басқа карантин талаптары сақталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы аптада 45 адамның коронавирустан көз жұмғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай