Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда 29 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

2021 жылдың 27 сәуір 2021 18:42

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 29 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, екпе науқаны басталғаннан бері өңірге 62700 доза (37550-і – бірінші, 25150-і – екінші компонент) вакцина жеткізілді.

Осы күнге дейін 28885 адам (76,9 пайыз) бірінші компонентті қабылдаса, соның 5614-і – медицина қызметкерлері, 4469-ы – педагогтар, 2167-сі – құқық қорғау, 16425-і – басқа сала өкілдері.

Оған қоса 6601 адам екпенің екінші компонентін алып үлгерді.

Басқарма мәліметіне қарағанда, облысқа 23 сәуір күні келген 12400 доза (І компонент) вакцина медицина ұйымдарына бөлінді. Бүгінге дейін осыдан 4810 адам (38,7 пайыз) екпе алды.

Сонымен қатар 25 сәуір күні 2 мың доза (1 мыңы – бірінші, 1 мыңы – екінші компонент) отандық QAZVAZ вакцинасы әкелінді.

Халықты көбірек қамту үшін егу пункттері демалыс күндері де жұмыс істеп жатыр. Айталық, 23 сәуірде – 880, 24-інде – 540, 25-інде – 825, кеше 2490 адам егілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 39 адамның жансақтау бөлімінде жатқанын, облыста 1 мамырдан бастап карантин күшейтіліп, блокпостар қойылатынын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай