Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда 24 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

2021 жылдың 20 сәуір 2021 22:19

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 24 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, өңірге осы кезге дейін 48300 доза (24150-і – бірінші, қалған жартысы – екінші компонент) жеткізілді.

Облыста 23790 (98,5 пайыз) адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, соның 5381-і – медицина қызметкерлері, 4228-і – педагогтар, 1841-і – құқық қорғау органдары, 12340-ы – басқа сала өкілдері.

Күні бүгінге дейін 4931 адам екінші компонентпен егіліп үлгерді.

Облысқа 9 сәуір күні әкелінген 14 мың дозадан (І компонент) 13545 адам (95,7 пайыз) вакцина алды.

Басқарма мәліметіне қарағанда, өңірге 23 сәуір күні тағы 9800 доза (4900-ы – І, жартысы – ІІ компонент) жеткізілмек. Сондай-ақ 26 сәуірде 15 мың (7500-і – І, 7500-і – ІІ компонент), 28-інде 14 мың (7 мыңы – І, жартысы – ІІ компонент) доза вакцина әкелінбек.

Осы айда барлығы 38800 доза вакцина келіп түспекші.

Қазіргі кезде өңірде ұжым болып екпе алып жатқандар да бар. Мысалы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ БҚО бойынша филиалының басшысы Нәдір Құрымбаев Фейсбуктегі парақшасында өзімен бірге филиалдың жетпіс шақты қызметкері ерікті түрде «Спутник V» вакцинасын салдырғанын жазды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 624 науқастың инфекциялық стационарда жатқанын, көшпелі егу бригадалары жұмыс жасайтынын, бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны 1 мыңнан асқанын жазған едік.






Жоғары қарай