Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда 215 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 14:49

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 215 354 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, бұл – облыс бойынша егілуге тиісті тұрғындардың 59,8 пайызы.

Соның ішінде 183 366-сы (51,8 пайыз) екінші компонентпен егілді.

Орал қаласында 215 461 тұрғынның 113 314-і (52,6 пайыз) бірінші, 98 255-і (45,6 пайызы) екінші компонентті салдырды.

Аудандар бойынша Жәнібек (сәйкесінше 74,1 және 66,4 пайыз) және Тасқала (69,3 және 61,5 пайыз) аудандары алда келеді. Жаңақала (45,7 және 37,7 пайыз) бұрынғысынша көш соңында.

Департамент мәліметіне қарағанда, облыс бойынша педагогтар, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, медицина және өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері егу жұмыстарымен артығымен қамтылып отыр. Ал созылмалы сырқаты бар 49 500 адам болса, соның 20 160-ы (40,73 пайыз) бірінші, 18 896-сы (38,17 пайыз) екінші компонентті қабылдады.

Вакцинация басталғаннан бері өңірге 510 720 доза (275 080-і – І, 235 640-ы – ІІ компонент) вакцина жеткізілді.

Облыс бойынша 47 егу кабинеті жұмыс жасап жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы төрт күнде 350-ден астам адамнан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай