Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда 16 жасар оқушы қыз ата-анасына айтпай, күйеуге «қашып» кеткен

2020 жылдың 30 қазан 2020 18:24

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 16 жасар оқушы қыз күйеуге «қашып кеткен» жерінен кері қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 28 қазан күні Бәйтерек ауданында болды.

Сағат 21.00-де әйел қызының жоғалып кеткені жөнінде полицияға жүгінген. Оның сөзіне қарағанда, қызы шамамен сағат 18.00-де мектептен белгісіз бағытта шығып кеткен. Толық отбасында тәрбиеленетін ол бұрын мұндай қылыққа бармаған.

Дабыл бойынша Бәйтерек ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы аяғынан тік тұрды. Сондай-ақ мектеп ұжымы, еріктілер және басқа тұрғындар қызды іздеуге жұмылдырылды.

Әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде полиция қызметкерлері қыздың басына орамал салған суретін көрді.

«Полиция қызметкерлері қыздың жігітінің үйіне келіп, оның кері қайтудан бас тартқанына қарамастан, ата-анасының қолына тапсырды. Кәмелетке толмаған қызды ешкім алып қашпаған, «күйеуінің» үйіне өз еркімен келген. Полицейлер екі жақтың туысқандарымен түсінік жұмыстарын жүргізді. Қыздың ата-анасы мен мектеп директоры полицейлерге ризашылығын білдірді», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.


Жоғары қарай