Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары ұзартылды

2020 жылдың 2 тамыз 2020 20:00

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында карантиндік шектеу шаралары 3 тамыздан бастап 16 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2 тамыз күнгі қаулысына сәйкес, бұрынғыша сағат 23.00-ден бастап таңғы 06.00-ге дейін автокөлік қозғалысына тыйым салынды.

Сол секілді сенбі, жексенбіге келетін 8, 9, 15 және 16 тамыз күндері ашық үлгідегі азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ осы күндері қоғамдық көлік те жүрмейді.

Дегенмен қоғамдық тамақтану нысандарына (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін) тек ашық ауада (жазғы алаңдар) ұжымдық іс-шараларды өткізбей (үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтау, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс) жұмыс істеуге, сондай-ақ белгіленген уақыт аралығында жеткізу және шығарып беру қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

Меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын батысқазақстандық дәрігерлердің «Ақжайық» шипажайында демалып жатқанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай