Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Батыр Жүкембаевтың титулды айқастағы қарсыласы анықталды

2020 жылдың 7 қаңтар 2020 21:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық нокаутшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) Канаданың Монреаль қаласында 25 қаңтар күні титулдық айқас өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшы өзіне тиесілі жартылай орта салмақтағы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдарын қорғайды. Montreal Casino аренасында өтетін жекпе-жектегі Батыр Жүкембаевтың қарсыласы – 31 жастағы аргентиналық Максимилиано Рикардо Верон (12-3-1, 4 КО).

Айта кетсек, өзіне тиесілі титулдарды Жүкембаев 26 қыркүйекте өткен бұған дейінгі айқасында жеңіп алған болатын. Ол кезде 28 жастағы қазақстандық боксшы төрешілердің бір ауыздан берген дауысымен мексикалық Мигель Васкестен (41-9, 15 КО) басым түсті.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Бокс, Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай