Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Басқа адамдар үшін санақтан өтуді талап етеді: Ұлттық бюро ақпаратты жоққа шығарды

2021 жылдың 21 қазан 2021 17:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік желіде тараған скриншотқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілерде адамдардан басқа азаматтар үшін санақ сауалнамасын толтыруды сұрайтыны туралы ақпарат тарап жатыр. Ұлттық статистика бюросы тарапынан мұндай талап қойылмағанын ресми түрде мәлімдейміз» дейді ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

Мұндай фактілер анықталған жағдайда sanaq.gov.kz сайтында көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласу керек.

Азаматтардың жеке деректерінің құпиялылығына заңмен кепілдік беріледі.

«Ел азаматтарының көптеген өтініштері бойынша бюро тарапынан онлайн санақты қайта қосу туралы шешім қабылданды. Ол халық санағының соңына дейін қолжетімді болады. Еліміздің барлық тұрғындарын маңызды іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз» делінген бюро таратқан мәліметте.





Жоғары қарай