Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 3 орынбасары тағайындалды

2020 жылдың 21 қазан 2020 11:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Рустам Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне;

Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне;

Болат Қуанышбекұлы Сәмбетов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.


Жоғары қарай