Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Бас санитарлық дәрігер коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша қосымша шараларды енгізді

2020 жылдың 14 наурыз 2020 18:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қосымша шараларды енгізу туралы» қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу қаупін ескерту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы қаулының 1-ші қосымшасына сәйкес COVID-19 жұқтырып алу қаупі жоғары жерде болған адамдарға карантин түрін тағайындау тәртібі бекітілсін.

2. Облыс әкімдері, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) COVID-19 ауруын жұқтыруы мүмкін күдіктілер үшін қосымша провизорлық стационарларды ашсын;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес науқастармен байланыста болған немесе коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік ауруханаларды дайындасын;

3) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес нұсқаулық бойынша науқастармен байланыста болған немесе коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар тасымалдансын», деп атап көрсетілген құжатта.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.



Жоғары қарай