Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бас прокуратураның күдігінен кейін 13 қаржы пирамидасының үстінен тергеу басталды

2021 жылдың 19 қазан 2021 18:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас прокуратураның күдігінен кейін 13 қаржылық пирамиданың үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесінің көмегімен Қаржы пирамидаларын жарнамалайтын 52 сілтеме бұғатталды.

ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында мәлім етті.

«Заңсыз қаржы операциялары фактілерінің жолын кесу үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігі 2020 жылғы 12 мамырда қаржы пирамидаларының типологиясын, олардың күдік критерийлерін және жұмыс істеу схемаларын түзіп шықты. Негізгі өлшемдер салынған қаражаттан әлдеқада мол табыс уәде ету, әрбір жаңа қатысушы үшін бонустар төлеу сияқты 16 белгіден тұрады», - делінген бас прокурордың жауабында.

Оның айтуынша, Қаржы мониторингісінің субъектілері сол типология бойынша өз клиенттерінің әректін жіті бақылап, күдікті операциялар байқалса, Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарлауға міндетті.

«Қаржы пирамидасының белгілері және оларға белгілі бір жеке және заңды тұлғалардың қатысы бар-жоғы расталған жағдайда Қаржылық мониторинг агенттігі құқық қорғау органдарына ақпарат жібереді және бұл туралы Бас прокуратураға хабарлайды. Бүгінгі таңда агенттік жалпы сомасы 4,9 млрд теңге салған 21 салымшыны жолдады. Оның ішінде 10,6 мың салымшының 3,6 млрд теңгесіне иелік еткен 13 қаржы пирамидасының белгілері туралы ақпарат расталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп түйіндеді бас прокурор.


Жоғары қарай