Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Барыс жылы» коллекциялық монеталары сатылымға шықты

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 12:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Ұлттық банкі 2022 жылдың 25 қаңтарынан бастап интернет-дүкен жұмысы қайта жанданып, «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Барыс жылы» коллекциялық монеталары сатылымға шығатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, номиналы 500 теңгелік күміс шақалар www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.

Монеталардың оң жағынд аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символы, монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген.

Монеталардың теріс бетінде шығыс күнтізбесі бойынша 2022 жылдың символы – барыс бейнесі бейнеленіп, айналдыра «2022», «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және «ORIENTAL CALENDAR» жазуы бар. Ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қаржы, ҚР Ұлттық банкі,
Жоғары қарай