Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Барыс» хоккей клубының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырып алды

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 14:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс» хоккей клубының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырып алды. Осыған байланысты хоккей клубы алдағы кездесулерін кейінге шегеруге мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» командасының қатысуымен КХЛ-дың тұрақты чемпионатының алты матчы өтуі керек еді. Атап айтқанда қазақстандық команда ригалық «Динамомен» 18 қыркүйек күні, «Северсталь» командасымен 20 қыркүйекте, «Металлург» командасымен 22 қыркүйекте, «Куньлунь» командасымен 21 қыркүйекте, «Витязь» командасымен 29 қыркүйекте, «Сочи» командасымен 1 қазанда кездесуі керек болған. Бұл ойындардың бәрі де кейінге шегерілді», - деп хабарлайды спорт клубының ресми сайты.

Хабарланып отырғандай, «Барыс» командасы мен жаттықтырушылар штабының 12 мүшесінен коронавирус инфекциясы анықталған. Осыған байланысты бүкіл команда екі апталық карантиннен өтуі керек.

КХЛ матчтарының қай күнге шегерілгені туралы алдағы уақытта қосымша хабарланады.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай