Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Барыс»- «Динамо» матчы бір минуттық үнсіздікпен басталады

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 17:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Барыс» пен мәскеулік «Динамо» арасындағы ҚХЛ тұрақты чемпионатының бүгінгі ойыны Алматы маңындағы әуе апатының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚХЛ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай