Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Barine Bilim жобасының жеңімпаз мұғалімдері анықталды

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 20:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Barine Bilim» шағын гранттар жобасы бойынша «National Teacher Prize Kazakhstan – «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы» қайырымдылық жобасын іске асыру аясында конкурстық комиссия «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына өтініш берген 30 мұғалімді іріктеп алды. Енді олардың мектептерінде 1 миллион теңге мөлшерінде шағын гранттар жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жобаны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына сілтеме жасап.

Жобаның негізі мақсаты – шағын гранттар жобасын іске асыру жолы арқылы оқушылардың жан-жақты дамуы және жаһандық азаматтықты дамыту, Қазақстанның жалпы білім беретін оқу орындарына жағдай жасау арқылы «Қазақстан мұғалімі-2021» ұлттық сыйлығына қатысушы мұғалімдерді қолдау және оларға көмек көрсету болып табылады.

Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының төрағасы Ермек Мажитовтың айтуынша, шалғай және ауылдық жерлердегі мектеп ұстаздарына ерекше көңіл бөлінеді.

«Гранттық қаражатты бөлудің астарында тікелей ақшалай сыйақы емес, белгілі бір әлеуметтік жобаларды біріктіру мақсаты тұр. Яғни мұғалім өз мектебін қолдау үшін ұйымдастырушылармен бірге қандай да бір жобаға бастамашылық етеді. Бұл сыртқы немесе ішкі көгалдандыру, кітапханы қорын, мұғалімнің жұмыс орнын (кабинетін) жақсарту болуы мүмкін», – деді ол.

Жеңімпаздар тізіміне Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды және Ақтөбе облыстары ауыл мектептерінің мұғалімдері енді.

«Barine Bilim» шағын гранттар жобасы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының қолдауымен «National Teacher Prize Kazakhstan – «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы» қайырымдылық жобасын іске асыру аясында өтуде. Жобаны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының көмегімен «Natural Energy» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатыр.


Басты сөздер: Білім, мұғалім,
Жоғары қарай