Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балкон арқылы төмен түскен: Екібастұзда ер адам көз жұмды

2021 жылдың 16 маусым 2021 02:21

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұзда 46 жастағы ер адам биіктіктен құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екібастұз қаласындағы Энергетиктер көшесінде 46 жастағы ер адам алкогольді мас күйде үшінші қабаттағы балконнан төсек жаймасы арқылы төмен түспек болып, құлап кетті», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ер адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Алайда ол бірнеше сағаттан кейін көз жұмған.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске салсақ, 8 маусым күні Павлодарда 47 жастағы әйел мас күйде бесінші қабаттағы балконнан құлап кеткен болатын. Аман қалған ол жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.




Жоғары қарай