Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқаштан заңсыз балық аулау фактісі бойынша 14 қылмыстық іс қозғалды

2021 жылдың 14 маусым 2021 12:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балқаш көлінен заңсыз балық аулау фактісі бойынша 14 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балық ресурстарын заңсыз аулаудың жолын кесу үшін Ішкі істер министрлігі «Балқаш» көлінде «Браконьер» операциясын жүргізуде. Оған ІІМ Орталық аппаратының қызметкерлері, Қарағанды мен Алматы облыстарының полициясы, табиғатты қорғау ұйымдарының мамандары жұмылдырылған», - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, 17 мамырдан бері 200 құқық бұзушы ұсталып, шамамен 300 шақырым тыйым салынған балық ауы, шамамен 1 мың балық аулайтын ілмек, 32 моторлы қайық және 8 тоннадан астам балық және балық өнімдері тәркіленген.

«173 әкімшілік хаттама толтырылып, 14 қылмыстық іс қозғалды», - деді Нұрділдә Ораз.


Жоғары қарай