Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқашта жол апатынан екі адам қаза тапты

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 10:42

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – «Қарағанды – Балқаш» автожолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

21 қаңтарда «Қарағанды-Балқаш» автожолында 59 жастағы «SHACMAN» жүк көлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласына келе жатқан «ВАЗ» автокөлігімен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Жеңіл көлікті 35 жастағы полиция қызметкері тізгіндеген.

Жол апаты салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жолаушылары, 30 жастағы полиция қызметкері және 46 жастағы облыс тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

«Қарағанды облысының Ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қаза тапқан полиция капитаны Дәурен Қабдығалиев 2009 жылдың мамыр айынан бастап қызметте, үйленген, екі баласы бар», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Жоғары қарай