Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқашта көлігіне қару-жарақ пен оқ-дәрі салып алған мас жүргізуші ұсталды

2020 жылдың 30 қазан 2020 20:10

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат - Балқаш қаласының полицейлері қару-жарақ пен оқ-дәрі тасымалдап келе жатқан мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

29 қазан таңғы 05.00 шамасында Балқаш қаласы полиция бөлімінің патруль полиция қызметкерлері «Алматы - Ектеринбург» тасжолында мемлекеттік нөмірі жоқ «Тойота Ланд Крузер» автокөлігіне назар аударды.

Полицейлер машинаны тоқтатуға тырысқанымен, жүргізуші заңды талаптарға көнбеді. Қашқан машинаны полицейлер ұстады.

«Көліктің рөлінде Алматы қаласының 37 жастағы тұрғыны болған. Одан спирттік ішімдіктің иісі бұрқырап шығып тұрды. Полицейлер көліктің ішінен атыс қаруы және оған керек оқ-дәрі, металлдан жасалған таяқ тәркіледі. Куәландіру кезінде жүргізушінің алкогольдік мас болғаны анықталды» деп жазады полиция департаменті Instagram парақшасында.

Қазақстан Республикасының ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Одан басқа, құқық бұзушы көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Жоғары қарай