Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқашта Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай әдеби аялдама орнатылды

2021 жылдың 10 маусым 2021 07:14

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқашта жаңадан жасалған ерекше аялдамада автобус күтіп тұрып, биыл 110 жылдық мерейтойы атап өтіліп жатқан көрнекті ақын Қасым Аманжолов туралы мағлұмат алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отыз жылдыққа – отыз аялдама» акциясын «Сары Қазына» ЖШС «Қоңырат» корпоративтік қоры қолдады. Идея осы қордың қаражаты есебінен іске асырылды.





Аялдама павильонының қабырғаларына Қасым Аманжоловтың өмірбаяны мен өлеңдері жазылған баннерлер орналастырылды.

Қасым Аманжолов (1911–1955) Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ерте жасында ата-анасынан айырылып, интернатта тәрбиеленген, онда бастауыш білім алды. Семей педагогикалық техникумында, кейін Оралдағы педагогикалық институтта оқыды. 1930 жылдары республикалық «Лениншіл жас» комсомол газетінің редакциясында жұмыс істеді.





Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

Қасым Аманжолов студент кезінде поэзиямен әуестенген. 1938 жылы оның алғашқы өлеңдер жинағы – «Өмір сыры» жарық көрді. Майдангер ақынның шығармалары халық арасында өте танымал және қазақстандықтардың бірнеше ұрпағының сүйіспеншілігіне бөленді.









Жоғары қарай