Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқаш маңындағы Бектау ата шатқалы ретке келтірілуде

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 15:08

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат - Бектау ата шатқалындағы үңгірлер ретке келтіріле бастады. Еріктілер табиғи көрікті жерлерді қоқыстардан тазартады және тастағы жазуларды өшіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Бектау ата шатқалы Қазақстанның жүз киелі орындарының қатарына кіреді. Дегенмен, көркем жердегі тастарға туристер аттарын жазып кетеді. Тамыз айында алматылық Александр Петровтың желіге жариялаған көрікті жерлердің фотосуреттері қоғамдық резонанс тудырды. Ол үңгірге жазылған кіреберісті түсірген. Суреттен үңгірдің қабырғасына осында келгендердің бояумен өз атын, тегін немесе ойын жазып кеткенін көруге болады. Олардың ойынша мәңгіге естелік ретінде қалдыруда тұрған ештеңе жоқ шығар.

Осыдан кейін Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде шатқалға рейд жүргізілетінін мәлімдеді. «Жартастағы суреттердің» авторлары табылып, жауапкершілікке тартылады.








Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Айман Түкбаева да шетте қалған жоқ. Ол шатқалды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жобаны бастады. Мұны еріктілер жұмыс атқарады – олар жазуларды өшіреді, үңгірді қоқыстардан тазартады.

Айман Түкбаева бірегей табиғи көрікті жерлерді қорғауға алғаш рет атсалысып отырған жоқ. 2018 жылы ол шатқалдарға рейд жасауға белсенді қатысқан. Содан кейін бастамашыл топ су қоймаларына түгендеу жүргізді.

Айта кетейік, Бектау ата тауының етегінде «Алау» балалар сауықтыру лагері орналасқан. Соңғы жылдары мұнда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимараттар, қызметтік және шаруашылық үй-жайлар ретке келтіріліп, аумақ абаттандырылды. Өткен жылы лагерде Арыс қаласынан 200 бала келіп, демалды.








Волонтерлік топқа қосылуға және Бектау ата шатқалының бастапқы қалпын қайтаруға көмектесу үшін (8-71038) 2-13-35 нөміріне қоңырау шалу арқылы қосылуға болады.


Жоғары қарай